457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Былтыр Маңғыстауда қылмыс саны қатты өскен

Ал ең көп қылмыс Алматыда жасалады

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, былтыр елімізде жалпы қылмыс 5,3%-ға (140 272-ден 132 778-ге) төмендеген, деп хабарлайды Malim.kz.

Дегенмен, мына өңірлерде қылмыс саны өскен:

Маңғыстау облысында 12,2%-ға (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында 8,5%-ға (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында 5,6%-ға (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында 4,6%-ға (2871-ден 3003-ке), Ұлытау облысында 2,8%-ға (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында 1,6%-ға (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7%-ға (5084-тен 5120-ға) дейін байқалады.

Ең көп қылмыс Алматы – 24 965 (18,8%) және Астана қалаларында – 17 339 (13,1%), Алматы – 10 385 (7,8%) және Қарағанды – 7 562 (5,7%) облыстарында жасалған.

Қылмыстық құқықбұзушылықтардың 34%-ы алаяқтық (45 156), 23%-ы – ұрлық (30 593), 6,3%-ы – есірткі қылмысы (8 363), 1,2%-ы – тонау (1 551), 1,2%-ы – бұзақылық (1 615), 0,8%-ы – мал ұрлығы (1 051), 0,4%-ы – адам өлтіру (566), 0,3%-ы – зорлау (421), басқа құқықбұзушылықтар – 32,7% (43 462).

Онша ауыр емес қылмыстар – 7,6%-ға (21 826-дан 20 178-ге), ауырлығы орташа қылмыстар – 16,8%-ға (58 874-тен 48 992-ге) және ауыр қылмыстар – 2,2%-ға (37 548-ден 36736-ға) төмендеген.

Сонымен қатар, ұрлық – 28,3%-ға (42 639-дан 30 593-ке), оның ішінде ұялы телефон ұрлығы – 30,9%-ға (10 530-дан 7 273-ке), пәтер ұрлығы – 33,5%-ға (3 566-дан 237-ге), көлік ұрлығы – 42,2%-ға (258-ден 149) айтарлықтай кеміген.

Сондай-ақ, мал ұрлығы да – 30,9%-ға (1520-дан 1 051-ге) азайған.

Фото: freepik.com

Самое читаемое