457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Швецияда белсенді Құран кітабын өртеді

A haber Түрік телеарнасы  бұл мұсылмандардың қасиетті кітабын мазақ ету деп атады.

Стокгольмда шведтік белсенді Джейд Сандберг Құранды өртеді, деп хабарлайды Vesti.ru.

Швеция полициясының қорғауымен өткен акцияны A haber Түрік телеарнасы  бұл мұсылмандардың қасиетті кітабын мазақ ету деп атады.   

Құранды өртеу әрекеті 26 сәуір күні Стокгольмның бір шағын ауданында болған. Джейд Сандберг бұл әрекетін әлеуметтік желіге жүктеп, акцияны 3 мамыр күні Мальмда қайталайтынын жазған.   

Швед полициясы 17 сәуір күні қоғамдық жиналыс өткізу арқылы Құранды өртейтін акция туралы өтінішті қабылдап, рұқсатын берген.

Енді қасиетті кітапты өртеу 3 мамыр күні «Евровидение» музыкалық конкурсы қарсаңында Густава Адольф алыңында өтеді деп жоспарланып отыр.

Фото: Vesti.ru

Самое читаемое