АҚШ жасанды интеллектке инвестиция салудан әлемде көш бастады

АҚШ жасанды интеллект инвестициялары бойынша барлық бәсекелесінен асып түсті. Соңғы онжылдықта ел 335 миллиард доллар жұмсаған. Zakon.kz жазуынша, ZeroBounce есебінде ЖИ-дің дамуы мен мүмкіндіктері жоғары 10 ел қарастырылған, оның ішінде: АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Сингапур, Канада, Оңтүстік Корея, Израиль, Германия, Жапония және Австралия, деп хабарлайды Malim.kz.
Зерттеу соңғы онжылдықта жасалған жеке инвестицияларға, сондай-ақ ЖИ стартаптарының санына және нарықта ЖИ-мен байланысты жұмыс орындарына бағытталған.
Соңғы онжылдықта АҚШ жасанды интеллект технологиясына 335 миллиард доллар, өткен жылдың өзінде 67,22 миллиард доллар инвестиция салып, шамамен 5500 стартап құрған.
Enterprise times мәліметтері бойынша , АҚШ-та тек 2024 жылы ЖИ саласында 71 мың бос жұмыс орны болған, бұл барлық бос жұмыс орындарының 1,62%-ын құрайды.
АҚШ көрсеткіштері Қытайдан жоғары. Қытайдың осы аралықтағы инвестициясы АҚШ-тан шамамен үштен біріне кем және стартаптары әлдеқайда аз, жұмыс орындары да солай. Бірақ бұл салаларда Қытай жетіспейтін жерлерін көптеген маманмен орнын толтырып жібереді.
Фото: pixabay.com