Жазушы, қоғам қайраткері Камал Смайылов

Жазушы, журналист Камал Сейітжанұлы Смайылов 1932 сәуірдің 24-інде Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Сарлық ауылында дүниеге келген. Жазушы-публицист, мемлекет қайраткері, кинотанушы, өнертану ғылымдарының кандидаты (1975), профессор (2000). 1954 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2033 жылы Алматы шаһарында қайтыс болды.
Еңбек жолын 1954 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакциясында бастаған.
«Білім және еңбек» журналының тұңғыш редакторы (196-1962), Қазақстан комсомолы ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы (1971-1973), ҚазКСР мемлекеттік кино комитетінің төрағасы (1973-1977), Министрлер кеңесі мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1977-1980), ІКСР мемлекеттік телерадио комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1980-1986), Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінің меңгерушісі (1986-1988), «Парасат», «Қазақстан коммунисі» («Ақиқат») журналдарының бас редакторы (1988-1993), Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы (1993-1996) сияқты жауапты қызметтерді атқарды. Ол Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, профессор. Кино теориясы мен тарих кафедрасының меңгерушісі болды (1996-2003).
Ол Қазақстан киноөнерінің алтын қазынасына айналған «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры» кинофильмдерін түсіруге бірден-бір жебеуші болды.
Смайылов басқарған тұста Қазақфильм киностудиясы «Әкелер жері», «Ән қанатында», «Артымызда Москва», «Тақиялы періште», «Қараш-қараш оқиғасы», «Мәншүк туралы ән», «Шоқ пен шер», «Көксерек», «Транссібір экспресі», т.б. көркем фильмдері түсіріліп, тұңғыш қазақ мультфильмі жарыққа шықты.
К.С.Смайылов қазақ теледидарында көп сериялы «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» фильмін өмірге әкелді.
К.С.Смайыловтың қаламынан 15 публицистік-танымдық кітап дүниеге келді, өзекті мәселелерді көтерген 350-ден астам көркем очерктері мен мақалалары жарық көрді.
«Сенің бақытың» (1960), «Жолданбаған 27 хат» (1992), «Елім саған айтам, ел басы, сен тыңда!» (1998), «Жеті қыр бір сыр» (2000), Үш томдық шығармалар жинағы (2003 - 2004) жарық көрген.