457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жанқош Тұраровтың 28 қыркүйектегі жекпе-жегі өтпейтін болды

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров  (28-0, 28 КО) 28 қыркүйек күні шаршы алаңға шықпайтын болды. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

"28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім жаттығу кезінде оң иығымнан жарақат алуыма байланысты кейінге қалды. Ендігі жекпе-жек қашан болатынын алдағы уақытта хабарлаймын", - деп жазды боксшы. 

Жанқош Алматыда екі бірдей чемпиондық атағын қорғау үшін 28 қыркүйекте шаршы алаңға шығады деп күтілген еді. Қарсыласы бұрын-соңды жеңіліп көрмеген венесуэлалық Хесус Корреа Пинто (16-0, 16 КО) болатын. 

Айта кетейік, бұған дейін Әнару Қалдыбекқызы есімді ару "Жанқош Тұраров зорлады" деп полицияға шағымданған еді. Ал Жанқош Тұраров және оның адвокаты алғашқы күннен бастап-ақ бұл ақпаратты жоққа шығарумен келеді. 

Фото: әлеуметтік желі

Самое читаемое