457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

UFC: Адесанья дю Плессиден жеңіліп қалды

Бұрынғы мен қазіргі чемпион турнирдің басты картында төбелесті

Орта салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Израиль Адесанья қазіргі дивизион чемпионы Дрикус дю Плессиге қарсы титулдық жекпе-жекте жеңіліп қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

UFC 305 турнирінде болған жекпе-жек 18 тамызда өтті. Онда орта дивизион чемпионы Дрикус дю Плесси мен бұрынғы чемпион Израиль Адесанья кездесті. Жекпе-жек Перт қаласындағы (Австралия) «ROCK Arena» кешенінде турнирдің басты карты болды.

Кездесудің төртінші раундында дю Плесси Адесаньяны қылқындырып тастады. 

Алдыңғы жекпе-жегінде дю Плесси орта салмақтағы титул иегері Шон Стрикландпен кездесіп, оны да төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңген болатын. Шон Стрикланд титулдық жекпе-жекте Израиль Адесаньядан да жеңілген еді.

Фото: championat.com

Самое читаемое