457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тоқаев Назарбаев стипендиясының ақшасын екі есе көбейтті

Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Назарбаевтың мәдениет саласындағы стипендиясының сыйақасын екі еседен көп өсірді деп хабарлайды Ақорда сайты.

Тоқаев жарлығында:

«1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.».

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» деп жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Назарбаев стипендиясы 20 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде беріліп келген. 1 айлық есептік көрсеткіш – 2778 теңге.

 

Самое читаемое