457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҚМА қызметкері пенчак-силаттан Азия чемпионы атанды

Тағы бір қызметкер джиу-джитсудан әлем чемпионатында қол еншіледі

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері әлемдік додаларда алтын және қола жүлделерге ие болды, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚМА қызметкері Мереке Жүнісова Пенчак-силаттан Азии чемпионатында алтын медаль еншіледі.

Аталған жарыс 7-16 қазан аралығында Өзбекстанның Бухара қаласында жастар мен ересектер арасында Азия чемпионаты өткен еді. Жарысқа 15 мемлекеттен 450-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасынан 62 спортшы бақ сынап, Мереке Жүнісова алтыннан алқа тағынды.

Айта кетейік, Пенчак-силат – индонезиялық және малайзиялық жекпе-жек өнерінің жалпы атауы.

Мереке Жүнісова – қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатының жүлдегері, Дүниежүзілік панкратион ойындарының жеңімпазы, Қазақстандағы жалғыз 2 дүркін Азия чемпионы. Сонымен қатар, халықаралық дәрежедегі спорт шебері ел ішінде таэквондо, панкратион, қоян-қолтық ұрыстан бірнеше рет чемпион атанған.

Сондай-ақ, биыл 24-28 қазан аралығында Ираклион (Греция) қаласында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті. Халықаралық турнирге әлемнің 68 елінен 950 спортшы қатысты. Чемпионатқа ҚМА қызметкері Ғалымжан Қатбаев Қазақстан құрамасы сапында бақ сынап, 85 келі салмақ дәрежесінде Ju-Jitsu Contact, Fighting бойынша қола жүлдеге ие болды.

Ғалымжан Қатбаев – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін әлем чемпионы, әлем кубогының иегері, үш дүркін Азия чемпионы, қоян-қолтық ұрыс, жекпе-жек, жауынгерлік самбо, жауынгерлік джиу-джитсудан Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы.

Фото: ҚМА

Самое читаемое