457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедовтың қарсыласы анықталды

Жекпе-жек 23 мамырда өтеді.

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (20-1, 15 КО) рингке оралмақшы, деп хабарлайды Malim.kz.

Отандасымыздың қарсыласы Коста-Рика елінің өкілі Энкарнасион Диас (18-4, 11 КО). 23 мамырда өтетін жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Еске сала кетейік, Али Ахмедов жақында ғана өзінің кезекті жекпе-жегін өткізген еді. 27 сәуірде ол Алматыдағы «IBA чемпиондар түнінде» венесуэлалық Карлос Ривероны нокаутпен ұтқан. 

Қазір АҚШ-та алдағы жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Ол бұған дейін Геннадий Головкиннің командасында болған және GGG Promotions бренді аясында өнер көрсеткен болатын.

Фото: sports.ru

Самое читаемое