Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өткен турнирде алтын алды

Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілдері Абдулла Мамай мен Сарвиноз Миркадырова Батумиде (Грузия) өткен WTT Youth Contender турнирінде топ жарды.
Қазақстандық жұп 19 жасқа дейінгі жас санатында алтын медаль жеңіп алды. Финалда қазақстандықтар Даниил Виторскийді/Анастасия Фролованы (Беларусь) 3:1 есебімен жеңді.
Фото: olympic.kz