457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан 2026 жылғы Олимпиада ойындарына шақырту алды

Қазақстанның 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Ресми хат Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) тарапынан жіберілді. Бұл – елдің төртжылдықтың басты қысқы спорттық жарысына қатысуын растайтын дәстүрлі рәсім.

Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиада ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Сол уақыттан бері біздің атлеттер жалпы сегіз медаль жеңіп алды: бір алтын, үш күміс және төрт қола.

Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді.

Фото: Азаттық рухы

Самое читаемое