457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Психикалық аурумын». Қазақстандық спортшы мәлімдеме жасады

Бұған дейін Мария Агапова өзін құлдыққа сатып жібермек болғанын айтқан еді.

АҚШ-та қиын жағдайға тап болған қазақстандық файтер Мария Агапова өзіне қатысты тың деректі жария етті. Ол психикалық ауытқуы барын мойындады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мария Агапова АҚШ-та үй-күйсіз, далада қалып, қаңғыбастар секілді тұратын жер іздеуге мәжбүр екенін жазған болатын. Спортшы шотына 200 доллар жиналғанын айтып, Sport+ тілшісіне сұхбат берген.

Танымал спортшының айтуынша, жиналған қаржы АҚШ-та тек бір апта өмір сүруге жетеді. Оған қоса, Мария өзінің психикалық ауруы бар екенін және емделуге де қаражат керек екенін айтты.

Баспанадан бөлек, маған тамаққа және дәрі-дәрмекке ақша керек. Себебі, мен психикалық ауытқуы бар адаммын. Дәрі-дәрмексіз ұйықтай алмаймын. Менің есепшотыма адамдар 200 доллар қаражат жіберді. Бұл ақша маған аптаның аяғына дейін ғана жетеді. Содан кейін Техасқа кетемін. Сол жақтан аздап ақша табуым керек, - деді ол.

Айта кетейік, Мария Агапова 30 мамырда джиу-джитсу ережесімен өтетін турнирде америкалық спортшы Хелена Кревармен кездесу өткізеді. Файтер демеуші тапқан адамға, жекпе-жектен түскен табысының  10 пайызын табыстауға уәде беріп отыр.

Фото: cdn.vox-cdn.com

Самое читаемое