457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Президентпен кездесуге келген спортшылардан коронавирус анықталды

Бұл туралы президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты

Бүгін, 15 тамызда, Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездеседі деп жоспарланған болатын. Берік Уәлидің айтуынша, спортшылардың жартысына жуығынан коронавирус анықталуына байланысты іс-шара кейінге шегерілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өздеріңізге белгілі, президент Қасым-Жомарт Кемелұлы спортшылармен кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке қарай, спортшылар мен бапкерлердің жартысына COVID-19 диагнозы қойылды, сондықтан кездесуді кейінге қалдыруға тура келді. Барлығына тезірек сауығып кетуін тілейміз, - деді Берік Уәли.

Баспасөз хатшысының сөзінше, кездесу тамыз айының соңында Ақордада жоспарланған.

Айта кетейік, Париждегі төртжылдықтың бас додасында Қазақстан құрамасы 7 медальмен жалпы есепте 43-орынға тұрақтады. Спортшыларымыз бір алтын, үш күміс және үш қола медаль еншіледі.

Фото: Ақорда

Самое читаемое