457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады

Қазақстан құрамасы тоғызыншы турда Польшадан басым түсіп, 16 ұпаймен бірінші орынға шыққан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 


– 2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін! – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.

Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан шахматтан 45-ші Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы шешуші сында АҚШ-қа қарсы ойнайтынын жаздық.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы тоғызыншы турда Польшадан басым түсіп, 16 ұпаймен бірінші орынға шыққан.

Фото:  Ақорданың баспасөз қызметі

Самое читаемое