457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нариман Құрбанов үйлену тойын өткізді

Үйлену тойы Алматыда өткен.

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов үйлену тойын өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Аlga.peterburg парақшасының авторы, блогер Иван Червинский Нариман Құрбановтың үйлену тойы Алматыда өткенін айтты. Ал спортшының қуанышын бөлісуге Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин, Ризабек Айтмұхан секілді Олимпиада, әлем чемпиондары арнайы барған.

Әлемдегі ең чемпиондық тойға қатысу үшін Астанадан Алматыға әдейі оралдым. Қазақстан – бұл чемпиондар елі, бірақ бұл күні Олимпиада, әлем және Азия чемпиондары бір тойда бас қосты. Біз спортшыларымыздың өнерін әрқашан бақылап отырамыз, сондықтан шығарылымдарымыздың басты кейіпкерлері болып жүрген саңлақтардың ортасында отыру мен үшін үлкен абырой. Солардың арасында бүгін ең басты кейіпкерлер – жас жұбайлар, - деп жазды блогер.

Оқырман қауым да жастарға бақыт тілеп, екеуінің жарасымды жұп екенін алға тартқан.

Айта кетейік, Нариман Құрбановтың жұбайы Аида Бауыржанова да гимнаст. Ол Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы, Азия біріншіліктерінің жүлдегері.

Естеріңізде болса, Нариман жарын 8 қыркүйекте ұзатып алып кеткен.

Фото: instagram.com/kazgymfederation

Самое читаемое