457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Көшпенділер ойындары ЮНЕСКО қанатының астында өтпек

ДКО әлемдік ұйымның бастамасымен үйлеседі

Астанада 2024 жылғы 8-13 қыркүйек аралығында өтетін 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО қанатының астында өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Болжам бойынша, ойындарға 85-тен астам елден кемінде 2 мыңдай қатысушы келеді. Бағдарламада ат жарысы, күрес, дәстүрлі садақ ату және ақыл-ой ойындары сияқты 20 негізгі және 10 көрнекі спорт түрінен жарыс бар. Тек спортшылар ғана емес, мәдениет және ғылым өкілдері де қатысады деген болжам бар.

Әлемдік ұйымның мәлімдеуінше, ДКО өткізу ЮНЕСКО-ның спорт арқылы денсаулық пен әл-ауқатты жақсартуға бағытталған Fit for Life бастамасымен үйлеседі. Сонымен қатар, материалдық емес мәдени мұраны сақтау мақсаттарына сәйкес келеді.

Шара аясында ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі әйелдердің спорттағы рөліне арналған жоғары деңгейдегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырады. Бұл шара гендерлік теңдік пен спорттағы инклюзияның маңыздылығына тоқталып, жарыстың мәдени және ғылыми бағдарламасының маңызды бөлігіне айналмақ.

Айта кетейік, ДКО қазірдің өзінде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген.

Фото: unesco.org

Самое читаемое