Кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов рингке оралады

BoxRec таратқан ақпаратқа сәйкес, Ахмедов 31 тамыз күні Американың Санта Инес қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға оралып, жергілікті боксшы Антонио Тоддпен (17-10,9КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.
Айта кетерлігі, Садриддин Ахмедов соңғы айқасын екі жыл бұрын Алматы қаласында өткізіп, Оңтүстік Африкалық боксшы Нкулулеко Мхлонгоны алғашқы раундта жеңген.
Садриддин Ахмедов - 2016 жылғы жастар арасында бокстан әлем чемпионы. Ол 2018 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, Канадада алғашқы жекпе-жегін өткізді. 13 айқасында, қазақстандық боксшы супер жартылай орта салмақта WBC Youth World, WBC Asian, NABF және WBC Francophone чемпиондық титулдарын иеленді.
Фото: prosports.kz