457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Испания құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шықты

Испания бесінші рет финалда өнер көрсетеді.

Испания құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының алғашқы финалисі атанды, деп хабарлайды Malim.kz.
Жартылай финалдық матч Мюнхендегі «Алянц-Аренада» өтті. Матчта есепті бірінші болып 8-минутта француз Рандаль Коло Муани ашқан. Алайда 21-минутта турнирдің ең жас ойыншысы испаниялық Ламин Ямаль таразы басын теңестірді. Матчтың 25-минутында Дани Ольмо «қызыл фурияны» алға шығарды. Осылайша, испандар 66 мың көрерменнің алдында Францияны 2:1 есебімен жеңді.
Испанияның финалдағы қарсыласы бүгін Нидерланд пен Англия құрамалары арасында анықталады.
Айта кетейік, Испания осымен тарихта бесінші рет Еуропа чемпионатының финалына шықты. Кездесудің үздік ойыншысы атағы Ямальға бұйырды.

Фото: t.me/sportilinet

Самое читаемое