Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді

Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа қымбат сыйлық жасалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Парижден Алматыға келген дзюдошыны әуежайда жап-жаңа Toyota Land Cruiser 250 көлігі күтіп тұрды.
Toyota Land Cruiser 250 2,4 литрлік гибридті турбогенератормен және сегіз жылдамдықты автоматты беріліс қорабымен жабдықталған. Автокөліктің қуаты – 326 ат күші. Ашық деректерге сәйкес, Қазақстан нарығы үшін құны 31 миллион теңгеден басталады.
Спортшы әуежайдан отбасымен бірге жаңа көлігін мініп кетті.
Фото: Әлихан Сариев / vesti.kz