457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еуро-2024. Хорватия мен Албания тең түсті

В тобындағы екінші тур ойыны Гамбургтегі "Фолькспаркштадион" стадионында өтті

Бүгін Хорватия мен Албания 2024 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде матч өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Тартысты өткен матч 2:2 есебімен тең аяқталды. Иә, Албания гол соққанмен, 1-тайм қызықты болды деп айта алмаймыз. Бірақ екінші таймның ортасында Хорватияның екі голынан кейін жағдай қыза түсті.

Хорваттар матч соңына дейін алда еді, алайда 96-минутында Клаус Гясула есепті теңестіріп кетті.

Енді екі турдан кейін Албания мен Хорватияда бір ұпайдан бар.

В тобындағы екінші тур ойыны Гамбургтегі "Фолькспаркштадион" стадионында өтті. 

Бірінші турдың нәтижелері келесідей еді.

А тобы: Германия - Шотландия - 5:1, Венгрия - Швейцария - 1:3;

B тобы: Испания - Хорватия - 3:0, Италия - Албания - 2:1;

C тобы: Словения - Дания - 1:1, Сербия - Англия - 0:1;

D тобы: Польша - Нидерланды - 1:2, Австрия - Франция - 0:1;

Е тобы: Румыния - Украина - 3:0, Бельгия - Словакия - 0:1;

F тобы: Түркия - Грузия - 3:1, Португалия - Чехия - 2:1.

Фото: uefa.com

Самое читаемое