457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еуро-2024: Германия қақпашысы Мануэль Нойер Буффонның рекордын қайталады

Бүгін Германия құрамасы Венгрия футболшыларын 2:0 есебімен жеңді

Еуро-2024 топтық кезеңіндегі Венгрияға қарсы ойынға шыққан Германия құрамасының қақпашысы Мануэль Нойер италиялық Джанлуиджи Буффонның рекордын қайталады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін Германия құрамасы Венгрия футболшыларын 2:0 есебімен жеңді. Бұл Нойердің Еуропа чемпионатындағы 17-ші кездесуі. Opta мәліметінше, қақпашылар арасында мұндай ойындарды тек зейнеткерлікке шыққан Буффон ғана өткізген.

Швейцарияға қарсы келесі ойында Мануэль Еурода қақпашылардың жаңа рекордын орнатады.

Естеріңізге сала кетейік, Еуро-2024-те Германия құрамасы алғашқы ойында Шотландияны 5:1, ал бүгін Венгрияны 2:0 есебімен жеңген болатын.

А тобындағы соңғы турда Германия мен Швейцария 23 маусымда Майндағы Франкфурт қаласында ойнайды.

Фото: x.com/DFB

Самое читаемое