457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еуро-2024: екі тең ойын және «өлім тобындағы» жеңіс

Бұған дейін Германия плей-оффке шыққан.

20 маусым күні Еуропа чемпионатының аясында Сербия – Словения, Англия – Дания және Испания – Италия кездесулері өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

С тобының 2-турында Мюнхенде Словения мен Сербия тең ойнады.

Матчтың 69-минутында словениялық қорғаушы Жан Карничник есеп ашса, 90+6-минутта Сербия шабуылшысы Лука Йович таразы басын теңестірді.

Англия Данияны жеңе алмады

С тобының 2-турында Франкфурттегі «Дойче Банк Парк» стадионында өткен кездесу де тең аяқталды. Даниямен кездескен Англия құрамасы 1:1 есепті қанағат тұтты.

18-минутта ағылшын шабуылшысы Гарри Кейн қарсылас қақпасын дәл көздесе, 34-минутта даниялық жартылай қорғаушы Мортен Юльманн бір голмен жауап қатты.

Екі турдан соң Англия С тобында төрт ұпаймен көш бастап тұрса, Дания екі ұпаймен екінші орында келеді.

«Өлім тобындағы» қақтығыс

В тобындағы екінші тур ойындары Гельзенкирхенде өтті. Испания 55-минутта италиялық қорғаушы Рикардо Калафьоридің автоголының арқасында жеңіске жетті – 1:0.

Бұл жеңіс Испанияның плей-офф кезеңіне өтуге себеп болды. Хорватия (3:0) мен Италияны (1:0) жеңген испандар алты ұпайға иелік етті.

14 маусымда басталған футбол аламын 14 шілдеге дейін жалғасады.

Фото: Getty Images

Самое читаемое