457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еуро-2024. Бүгін Роналду мен Мбаппе арасында супер матч өтеді

Бүгін Еуро-2024 турнирінің 1/4 финалы аясында Португалия-Франция, Германия-Испания матчтары өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдымен жасыл алаңға Астана уақытымен сағат 21:00-де Германия мен Испания командалары шығады. Турнир қожайындары жарыс бойы қарқын алған испаниялықтарды тоқтатуға тырысатыны анық. 

Көптеген сарапшылардың пікірінше, осы кездесуде жеңіске жеткен команда Еуропа чемпионы атанады. 

Еске салайық, 1/8 финалда испаниялықтар Еуроның сенсациялық дебютанты Грузия құрамасын 4:1 есебімен жеңді, ал немістер даниялықтардан 2:0 есебімен басым түсті.

Ал содан кейін Гамбург қаласында Португалия мен Франция арасында тағы бір супермачт өтеді. Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 00:00-де басталады.

Роналду - ерекше ойыншы. Ондай футболшы енді ешқашан болмайды. Ол бірнеше ұрпаққа шабыт сыйлады. Ол көп гол салып, бірқатар атақ пен жетістікке жетті. Бірақ келер матчта біз жеңіске жетеміз деп үміттенемін, - дейді Франция құрамасының жұлдызы Килиан Мбаппе.

Еске сала кетейік, 1/8 финалда Португалия Словения құрамасын тек пенальти бойынша жеңген болатын, ал француздар автогол есебінен Бельгияны 1:0 есебімен жеңіп кетті. 

Фото: ©UEFA

Самое читаемое