Еуро-2024: Англия Нидерландты ұтып, финалға шықты

Еуропа чемпионатының жартылай финалында Англия мен Нидерланд құрамалары кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.
Есепті ойынның жетінші минутында нидерландтық жартылай қорғаушы Хави Симонс ашты. Ал 18-минутта ағылшын шабуылшысы Гарри Кейн пенальтиде мүлт кетпей, таразы басын теңестірді
Ойын тең дәрежеде өрбіп жатқан. Қос құрама да өткір шабуылдар ұйымдастыра білді. Тіпті 79-минутта Букайо Сака ағылшындарды есепте алға шығарған. Алайда төреші араға уақыт салып бұл голды есепке алай қойды. Өйткені Кайл Уолкер офсайдта қалып кеткен екен. Дегенмен Англия дегеніне жетті. 90-минутта Олли Уоткинстің шірене тепкен добы Нидерланд қақпасынан табылды.
Енді Англия финалда Испаниямен кездеседі.
Еуро-2024 финалы 15 шілдеге ауған түні өтеді.
Фото: championat.com