457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еуро-2024. Англия-Дания кездесуінде сенсация тіркелді

С тобындағы екінші турдың кездесуі Майндағы Франкфурт қаласында Deutsche Bank Park стадионында өтті

Футболдан Англия құрамасы 2024 жылы Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Данияны жеңе алмай, кішігірім сенсация жасады, - деп хабарлайды Malim.kz.

С тобындағы екінші турдың кездесуі Майндағы Франкфурт қаласында Deutsche Bank Park стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Екі гол да 1-таймда соғылды. Британиялықтар сапында 18-минутта Хәрри Кейн гол соқты. Бұл оның клуб пен ұлттық құрамасы үшін соққан маусымдағы 50-ші голы болды. Осылайша ол Майкл Оуэн мен Уэйн Руниден кейін төрт ірі турнирде гол соққан тарихтағы үшінші ағылшын футболшысы атанды. Кейн сонымен қатар Еуропада да, әлем чемпионатында да 5+ гол соққан тарихтағы алғашқы ағылшындық.

Даниялықтар үшін 34-минутта Мортен Жулманн жауап голын соғып, осы турнирде Гарет Саутгейт командасына жіберген алғашқы гол болды.

Ағылшындар тең ойынға қарамастан 4 ұпаймен кестедегі көшбасшылығын сақтап қалды, ал 2 ұпайы бар даниялықтар үшінші келеді.

Енді 25 маусымда Англия - Словения, Дания - Сербия матчтары өтеді.

Фото: instagram.com/england

Самое читаемое