457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еліміздегі футбол клубтарын қолдауға 200 млрд теңге бөлінген - Антикор

6 жылда Қазақстанда футбол клубтарын қолдауға 200 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Антикор өкілі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, жыл сайын елімізде футбол клубтарын қолдауға млрд-таған қаржы жұмсалады. Алайда бұл қаражаттың едәуір бөлігі шетелдік ойыншылардың жоғары жалақысын төлеуге, оқу-жаттығу жиынына, футбол алаңдарын жалға алуға бөлінеді.

Тек 6 жылда футбол клубтарын қолдауға 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Талдау барысында ең қымбат клуб FC Astana екені анықталып, шығыны талданды. Оған барлық қаражаттың 25%-ы яғни 51 млрд теңге тиесілі. 6 жылда Astana футбол клубының 66%-ы 33 млрд теңге еңбекақы төлеуге жұмсалды. Мұнда жалақы мөлшері клубтың басшылығы мен футболшылардың қалауы бойынша анықталды, - деді Данияр Бекайдаров.

Фото: "Ақтөбе" ФК

Самое читаемое