Балауса Мұздиман қарсыласын нокаутқа түсірді

Кәсіпқой ару боксшы Балауса Мұздиман Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде жарқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол рингте үндістандық Моника Сингхке қарсы шыққан еді. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланғанымен, алғашқы раундта-ақ аяқталды. Небәрі 43 секунд өткенде Мұздиман қарсыласының бауырына сәтті соққы жасап, Сингх содан жекпе-жекті жалғастыра алмай қалды.
Осымен Мұздиман карьерасындағы төртінші кездесуін жеңіспен аяқтап отыр. Оның үшеуін нокаутпен бітірді. Ал қарсыласы Сингх бес рет жеңіп, осымен екінші рет жеңіліп қалды.
Фото: әлеуметтік желіден