457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Азия теннис федерациясы рейтингінде отандасымыз топ бастады

Заңғар 15 жаста, 2610 ұпай жинаған

Азия теннис федерациясының (ATF) жаңартылған рейтингінде Заңғар Нұрланұлы 16 жасқа дейінгі ұлдар арасында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан теннис федерациясының мәлімдеуінше, 15 жасар қазақстандық 2610 ұпай жинаған. Заңғар өткен мамырда Қазақстан құрамасы сапында Азия/Океания жасөспірімдері Дэвис кубогы аймағының іріктеу кезеңінде жекелей сында 6 кездесу өткізіп, қарсыластарына бірде-бір сетте ұтылмай, барлығында жеңіске жеткен еді.

Нұрланұлының қазір ITF Junior 4 титулы бар: үшеуі жекелей, біреуі жұптық сайыста.

Фото: ҚТФ

Самое читаемое