457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Азат Мақсұмның октагонға оралатын күн белгілі болды

Азат Мақсұмның қарсыласы бұған дейін Асу Алмабаевтан ұтылған.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм (17-1) UFC октагонына 3 тамызда оралады, деп хабарлайды Malim.kz.

UFC-дегі үшінші айқасын жерлесіміз американдық Си Джей Вергарамен өткізбек. Ал бұл жекпе-жек 3 тамыз күні Абу-Дабидегі Умар Нурмагомедов пен Кори Сэндхаген айқасының аясында ұйымдастырылады. Кардта Тони Фергюсон - Майкл Кьеза және Ник Диас - Висенте Люке жекпе-жектері күтіп тұрғанын да айта кетейік.

Еске салсақ, биылғы ақпан айында Мақсұм UFC Fight Night 235 турнирінде төрешілердің ортақ шешімімен американдық Чарльз Джонсонға (15-6) есе жіберді.

Ал Вергара 9 наурызда Асу Алмабаевтан ұтылды.

Қазіргі таңда Азат пен Асу АҚШ-та жаттығып жүр.

Азат Мақсұм UFC-дегі дебютін 16-0 көрсеткішімен бастаған.

Фото: интернеттен

Самое читаемое