457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің мәйіті табылды

Жафаровтың денесі ісініп, қарайып кеткен

Ғаламторда Ақтаудағы 3-шағын ауданнан табылған ер адамның мәйіті туралы ақпарат тарады. Lada.kz тілшісінің мәліметінше, ол бұрын түрлі турнирлерге қатысқан жекпе-жек шебері. 


WhatsApp мессенджерінде 3-шағын ауданындағы қоқыс контейнерлерінің жанынан денесі табылған аралас жекпе-жек спортшысы Вусал Жафаровтың суреттері тарады. Оның денесі ісініп қарайып кеткен.

Полиция департаменті ақпаратты растады. Мәйіт бір күн бұрын, яғни 20 қыркүйекте табылған.

-Табылған мәйіт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Қолданушылар Вусал Жафаровты ұрып-соққанын, денесі көшеде бірнеше күн бойы жатып қалғанын жазды.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Вусал Жафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы бастаған. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жеткен.

Фото: lada.kz  

Самое читаемое