Әйгерім Сарыбай Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады

Семсерлесуден әйелдер арасындағы жекелей сында жарыс жолына шыққан қазақстандық Әйгерім Сарыбай Париж олимпиадасын сәтті бастады, деп хабарлайды Malim.kz.
Әйгерім Сарыбай алжирлік Чаима Бенадуданы 15:9 есебімен жеңді.
Келесі қарсыласы – екі бірдей Олимпиада жүлдегері франциялық Манон Брюне.
Айта кетейік, Әйгерім Сарыбай 2018, 2019, 2022 жылғы Азия чемпионатында командалық бәсеке бойынша қола жүлдені еншілеген.