457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

40 жастағы Головкин 42-ші жеңісіне жетті

«Рақмет, жігіттер! Алға Қазақстан»

Бүгін Жапонияда IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин мен WBA супер чемпионы жапониялық Риота Мурата арасында өткен жекпе-жекте Геннадий Головкин өзінің спорт жолындағы 42-ші жеңісіне қол жеткізді.

12 раундқа жоспарланған бәскеде Головкин қарсыласын 9 раундта техникалық нокаутпен ұтты. Жекпе-жек Жапонияның Сайтама қаласында өтті. Кездесуде IBF, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі сарапқа салынған болатын.  Отандасымыз Головкин осыған дейінгі жекпе-жегінің 41-ін жеңіспен аяқтады. Біреуінде тең түсіп, біреуінде жеңілген. WBA Super белдігінің иесі жапондық Риота Мурата 16 рет жеңіске жетіп, екеуінде жеңілген.

Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және жапондық Риота Муратаға (16-2, 13 КО) арналған бокс кешінде бірінші жекпе-жекте жапондық боксшылар Сюитиро Есино (14-0, 11 КО) және Масаюки Ито (27-3-1, 15 КО) WBO Asia Pacific және OPBF жеңіл салмақтағы титулдарына таласты. 11 раундқа созылған айқаста Масаюки Ито бокс барысында алған жарақатына байланысты жекпе-жекті әрі қарай жалғастыра алмады. Екінші жекпе-жекте де рингке жергілікті спортшылар шығады: Дзюнто Накатани (22-0, 17 КО) және Риота Ямаучи (8-1, 7 КО).

Total Sport сайты бұған дейін Геннадий Головкин бұл кештегі жекпе-жек үшін 5 млн доллар көлемінде кепілдендірілген гонорар және оған қоса PPV-дің 70% үлесін алатынын жазды. Бұл шамамен 12-15 млн доллар. Еске салсақ, кеше «GGG» 40 жасқа толды. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтаған болатын.

Головкиннің бұл жекпе-жегі DAZN платформасында әлемнің 200-ден астам елінде тікелей эфирде көрсетіледі (Жапония, Оңтүстік Корея мен Қазақстанды қоспағанда). 

Кеш соңында отандасымыз «Рақмет, жігіттер! Алға Қазақстан», – деп жанкүйерлеріне алғысын жеткізді.

Бақыт БЕКОВ

Самое читаемое