180 спорт түрі 50-ге қысқармақ. Рыбакина мен Путинцева алдағы халықаралық жарыстарға қатыса ма?

Бүгін Париж Олимпиадасын қортындылауға арналған алқа жиыны өтті. Отырыста мемлекет қаржыландырылатын 180 спорт түрін үш есеге қысқарту туралы шешім қабылданып, алдағы күндері салада ауыс-түйіс болатыны айтылды.
Еске салайық, Парижде өткен Олимпиада ойындарына елімізден 78 спортшы қатысып, спорттың бес түрінен ел қоржынына 7 медаль салды.
Айта кетейік, елімізде ресми түрде 180 спорт түрі тіркелген. Соның 50-і ғана жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енеді. Сондықтан мемлекет тарапынан қаржыландырылатын спорт түрлері үш есеге қысқартылмақ.
Фото: ekonomstrojdom.ru