457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ЖОО студенттері екінші семестрде қалай оқиды?

Білім және ғылым министрінің орынбасары Мирас Дәуленов бүгін өткен онлайн брифингіде жоғарғы оқу орнының студенттері екінші семестрде қалай оқитынын түсіндірді. Вице-министрдің айтуынша, 1-курс студенттері күндізгі форматта оқиды. Дәрістер онлайн форматта, ал семинарлар мен зертханалар, қолданбалы тәжірибелік жұмыстар күндізгі форматта, яғни оффлайн өтеді.

"2, 3 және 4-курстардың студенттері бұрынғы форматта оқуын жалғастырады", - дейді Мирас Дәуленов.

1-курс студенттері университетке барып оқыған күннің өзінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс. Дәрістер үзіліс кезінде әр топтардың студенттері кездеспейтіндей етіп ұйымдастырылуы керек. Күндізгі оқуда арақашықтық сақталып, әр студентке кемі 2 шаршы метрден аумақ бөлінуі тиіс.

Самое читаемое