457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жоғары оқу орындарына грант бөлінді

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2024 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу тізімін жариялады.

Биыл жоғары білім ошықтарында оқу үшін 88 мың грант бөлінді. Бакалавриатқа – 73 мыңға жуық грант бөлінсе, магистратураға – 13 мыңнан астам, докторантураға – 1800-ден астам грант бөлінген.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60% техникалық мамандықтарға бөлінді. Сонымен қатар биыл халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінді»,- деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Ақпаратқа сәйкес, гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді – 18 744 орын. «Педагогикалық ғылымдарға» – 12 560 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 103, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 7 388 грант берілді.

Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген. «Серпін» жобасы арқылы 4 даярлау бағыты: педагогикалық ғылымдар, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түсе алады. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады. «Серпін» бағдарламасы бойынша грант өтеу мерзіміне қатысты өзгерістер енгізілді, ол 3 жылдан 2 жылға қысқартылды. Сондай-ақ, бұрын мамандар өзі оқыған аймақта ғана грантты жұмыспен өтейтін болса, енді 11 аймақта қызмет ете алады.

2023-2024 оқу жылына арналған білім беру гранттарын  бөлудің толық тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  Ұлттық тестілеу орталығының сайтында келесі сілтемелер бойынша жарияланған:

Баклавриат http://www.testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=6267

Магистратура http://www.testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=6269

Докторантура http://www.testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=6271

ЖОО-да қабылдау комиссияларында құжат қабылдау басталды.

 

Самое читаемое