457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? Министрлік ескертуі

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға жер сілкінісі кезіндені әрекеттерді еске салды.

Жер сілкінісі кезінде:

  • егер сіз бірінші қабатта болсаңыз – сыртқа шығыңыз.
  • Егер жоғарғы қабаттарда болсаңыз, жиһаздан, терезелерден, люстралардан алыстап, күрделі, жүк көтергіш қабырғалардың бұрышында немесе есік жақтауында тұрыңыз.
  • Балалар мен қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз.
  • Дүмпу тоқтағаннан кейін суды, газды, электр қуатын өшіріп, «дабыл чемоданын» алып, ғимараттан шығыңыз.
  • Дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз. Сыртта электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан, билбордтардан, қоршаулардан аулақ болыңыз. Қайта дүмпуге дайын болыңыз.
  • Қарттар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
  • Жақын маңдағы халықты қабылдау пунктіне барып, одан әрі нұсқаулар күтіңіз.
  • Сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіз.

«Қазақстан аумағында Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында жер сілкінісі болды. Дүрбелеңге түспеуіңізді және алгоритм бойынша әрекет етуіңізді сұраймыз», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: Ашықдерекөзден

Самое читаемое