457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жақсы жаңалық: Коронавирус табылған жоқ

28 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Египет, БАӘ, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 1 337 жолаушы ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 244 адам, анықтамасыз - 93 адам келген. Оның бәрі - ҚР азаматтары.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына - 7 рейс, 820 жолаушы, анықтамамен - 813, анықтамасыз - 7

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 448 жолаушы, анықтамамен - 387, анықтамасыз - 61

- Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 69 жолаушы, анықтамамен - 44, анықтамасыз – 25.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантин стационарына орналастырылды және ПТР талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Бүкіл 93 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.

Самое читаемое