Жаңа 10 000 теңгелік банкноталар жазда айналымға шығады

Өткен жылы Қазақстан Ұлттық банкі ҚР Ұлттық валютасының 30 жылдығына орай номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарды. Бұл банкнотаның тиражы шектеулі - 3 млн дана.
«Бұл банкнотада Қазақстан картасы және теңгенің «₸» белгісі бар монета бейнеленген. Мерейтойлық банкнота қазір айналымда жүр», - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Ал жазда жаңа «Сақ стилі» банкноталар сериясы аясында жаңа дизайндағы 10 000 теңгелік сериялық банкнотаның айналымға шығады. Банкноталардың дизайны «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.