457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

Үкімет отырысырда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус індетінің тарауы бойынша жағымды сценарий жүзеге асып жатқанын мәлімдеді.

Соңғы айда елде аурушаңдық 3.1%-ға төмендеген. Сондай-ақ министр қазіргі таңда инфекциялық ауруханалар 23%, ал реанимациялық бөлімшелер тек 20% толы екенін айтты.

“Коронавирус індеті тарауы бойынша жағымды сценарий жүзеге асып жатыр. 1 млн адамға шаққандағы әлемдік рейтингте 222 ел арасында Қазақстан аурушаңдық бойынша 110-орында, ал өлім жағдайы бойынша 102-орында тұр”, - деп мәлімдеді министр.

Айта кетейік, қазіргі таңда елдің 47,8%-ы вакцинаның бірінші компонентін, 43,8 %- екінші компонентін салдырып үлгерді. Ал ревакцинациядан. 136 мың адам өткен.

 

Самое читаемое