457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түркістан облысында жаңа аудан құрылды

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен Түркістан облысында жаңадан Сауран ауданы құрылды. Оның әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасады.

"Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын", - делінген қаулыда.

Осылайша Сауран ауданына Кентау қарамағында болған 12 ауылдық округ кірді.

Екі жыл бұрын Кентауға шалғайдағы елдімекендер қосылған соң, сол ауылдардың тұрғындарына аудан орталығына қатынау қиын деген уәждер айтылан.

Самое читаемое