457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Серік Сәпиевпен төбелескен балуан мен бапкер кешірім сұрады

Naiza 49 турнирінде  түсінбестікке бой алдырған еді

Серік Сәпиевпен қырқысып қалған  файтер Зелимхан Мусиханов пен оның жаттықтырушысы Александр Гольцман желіде кешірім сұрады. Олар  Алматыда өткен Naiza 49 турнирінде  түсінбестікке бой алдырған еді. Видео vestikzsport парақшасында жарияланды.  

  «Құрметті қазақстандықтар, жасаған әрекетім үшін кешірім сұраймын. Ереже бұздым және менікі қате болды. Сосын ойында эмоциямды ұстай алмадым, Серік Сәпиев – халқымыздың мақтанышы, эмоциямен ойланбай жасаған әрекетімді кешіріңіз. Бұл енді қайталанбайды. Ассаламу алейкум баршаңызға!», - деді Мусиханов. 

 Гольцманның сөзінше, ол да эмоцияға беріліп, артық кеткен. 

«Менікі дұрыс болмады, сондықтан шәкіртім екеуміз жасаған барлық қылығымыз үшін кешірім сұраймын. Біз батырымызға, Олимпиада чемпионына, барлық спортшыларға құрметпен қараймыз және Серік ағаны спорт, қоғам қайраткері ретінде құрметтеймін. Біздің іс-әрекеттеріміз чемпионымыздың беделіне нұқсан келтірмеуі керек, жағдайдың бұлай болғанын қаламадық. Бәріне өзіміз кінәліміз. Болған жайт үшін кешіріңіздер», - деді жаттықтырушы.              

Самое читаемое