457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Рамазан айында Астанада 5 мешітке арнайы автобустар қатынайды

Түнгі автобустар 21:30-дан 23:00-ге дейін жүреді.

Бүгіннен бастап қасиетті рамазан айында арнайы бағдарлар жүреді. Қаланың 5 мешітінен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді, деп хабарлайды City Transportation Systems. Бағдарлар 21:30-дан 23:00-ге дейін жүреді. Жол жүру құны - 90 теңге.
«Республикалық Бас мешіт» мешітінің бағыттары:
- «Целинный» Ш/А;
- Есу арнасы;
- Республика даңғ.
«Әзірет Сұлтан» мешітінің бағыттары:
- «Спутник» супермаркеті;
- Теміржол вокзалы;
- «Көктал-1,2» ТҮА.
«Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің бағыттары:
- «Көктал-1,2» ТҮА;
- Теміржол вокзалы;
- Мед. колледж.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бағыттары:
- «Көктал-1,2» ТҮА;
- «Кирпичный» ТҮА.
«Рахымқызы Райса ана» мешітінің бағыттары:
- «Рахмет» СО.
Естеріңізге сала кетейік, жол ақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшуге және диспетчерлеуді жаңғыртуға байланысты ақпараттық таблолар уақытша жұмыс істемейді. Бағдарлардың қозғалысы туралы ақпаратты Avtobys, 2GIS және Яндекс карталары қосымшаларынан қарауға болады.

Самое читаемое