457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қуғын-сүргін құрбандарына 1,3 млрд өтемақы беріледі 

2003 жылдан бастап біржолғы ақшалай өтемақы төленеді

Елімізде  саяси қуғын-сүргін құрбандарына 1,3 миллиард   теңгеден аса өтемақы  беріледі.  Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ведомство дерегінше, 2003 жылдан бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 16,1 миллиард теңге төленді. Биыл бұл мақсатқа 1,3 миллиард теңгеден аса қаржы қарастырылып отыр.

1921-1954 жылдар аралығындағы кезеңде "халық жауларын" анықтау саясаты салдарынан Қазақстанда 100 мың адам сотталған, оның 25 мыңы ең жоғары жазалау шарасы - ату жазасына кесілген.

Миллиондаған қазақстандық 1932-33 жылдары ашаршылық құрбаны болған. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан лагерьлеріне 5 миллионнан аса адам жер аударылған.  

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес,  қуғын-сүргін құрбандарына және саяси нәубеттен жапа  шеккен азаматтарға 2003 жылдан бастап біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.    

2003-2021 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 2,9 миллиард теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. Өтемақы мөлшері 2 385 теңге мен  318 000 теңге  аралығында. 2022 жылы республикалық бюджеттен осы мақсаттарға 2,1 миллион теңге қарастырылған.  

Самое читаемое