457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қуандық Бишімбаев кінәсін мойындамады

Істің алқабилер мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен қаралғанын қалайтынын айтты.

Бүгін Астанада жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы өтті. Прокурордың айыптау мәлімдемесінен кейін Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындамайтынын, істің алқабилер мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен қаралғанын қалайтынын айтты.

Сондай-ақ, оның қорғаушысы істі қосымша тергеуге қайта жіберуді сұрады. Адвокат Назкен Құсайынованың айтуынша, тергеу дұрыс жүргізілмеген.  Атап айтқанда, айыпталушының адвокаттарына айыптау қорытындысының көшірмесі ұсынылмаған. Экс-министрдің адвокаттары Бас прокуратураға шағым жолдаған, бірақ кейін ол қалалық прокуратураға жіберілген.

Сонымен қатар, Бишімбаев адвокаты «аса қатыгездікпен өлтіру» бабымен келіспейтінін мәлімдеді.

Самое читаемое