Қостанайда бұрынғы жеке сот орындаушы 6 млн теңге ұрлаған

Қостанай облысының прокуратурасы тексеру барысында бұрынғы жеке сот орындаушының мемлекет пен өзге де азаматтардың пайдасына өндірілген ақшаны ұрлау схемасын анықтады.
«Бұрынғы жеке сот орындаушыны лицензиясынан айырғаннан кейін 6 млн теңгеден астам ақшаны өндіріп алушыларға берудің орнына жеке шотына аударған», - делінген хабарламада.
Бұл қаражат - борышкерлердің әкімшілік айыппұлдары мен басқа да қарыздары бойынша жұмыс орнынан ұсталған сома.
Осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: ашық дереккөз