457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары қайтыс болды

Алматыда қорғаныс министрінің бұрыны орынбасары, отставкадағы генерал-майор Әмірбек Төгісов коронавирустан қайтыс болды. Төгісов мамыр айында 71 жасқа толған еді.

"Генералдар кеңесі" республикалық қоғамдық бірлестігі президиум төрағасы Махмұт Телеғұсовтың Tengrinews-ке берген ақпаратына қарағанда, Әмірбек Төгісов бүгін таңертең №12-ауруханада көз жұмған. Оның айтуынша, генерал-майор коронавирус жұқтырған.

Ә.Төгісов 1992-97 жылдар аралығында ішкі әскер қолбасшысының орынбасары, 1997-2000 жылдар аралығында қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Отставкаға шыққан соң генерал-майор оппозиция қатарына қосылып, 2005-2006 жылдар аралығында "Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысының Алматыдағы филиалының төрағасы, 2006 жылдан бастап ЖСДП төрағасының орынбасары болды.

 

Самое читаемое