Қазгидромет: Алдағы күндері ауа райы 20 градусқа дейін суытады

Алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Қазгидромет мәліметінше, 12 наурызда Павлодар және Қарағанды облыстарында қатты жауын-шашын болып, қар аралас жаңбыр жауады.
12-13 наурызда Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында күн суытады.
Сондай-ақ, республика бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады.
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 10-20 градусқа дейін аяз болады, күндіз 2-10 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстікте термометр бағаны түнде -2-12-ге дейін төмендейді, күндіз -6, +2 болады.