Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?
Форумда креативті индустрияны дамытуға қатысты баяндамалар, панельдік пікірталастар болды. Сарапшылар Алматы қаласында креативті саланың дамуы мен өркендеуіне ықпал ететін өздерінің инновациялық жобалары мен идеяларын көрсетті.
-2024 жылдың қаңтарынан бастап инфрақұрылымды дамыту және шығармашылық кәсіпкерлікті қалыптастыру мақсатында Марков 44 әкімшілік ғимаратының базасында креативті хабты іске қосу жоспарланып отыр. Оған қоса мемлекет басшысы Алматы қаласының жұртшылығымен кездескенде қалалық венчурлік қор құру бастамасын қолдаған еді. Қорды алдағы жылдың басында іске қосу жоспарланып отыр,-деді жиында Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев.
Ол қордың мақсатын “Тұрақты бизнес құру, креативті индустриялардың экожүйесін дамыту үшін қала тұрғындарының креативтік бастамаларын пайдалану” деп түсіндірді.