Оралда "аса қауіпті аурулар" 55 млн теңгені жеп қойған

Оның айтуынша, ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін осы университетке 55 млн теңге бөлген. Зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек болған.
-Алайда университет ғылыми зерттеу жұмыстарын формальды жүргізген және патент алмаған. Бұған қарамастан атқарылған жұмыстар туралы жалған акті жасалып, бөлінген қаражат ұрланған, - дейді Дархан Дүйсембаев.
Ол прокуратураның тапсырмасымен бұл істі экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеп жатырғанын айтты.
Malim.kz тілшісі Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетінің баспасөз қызметіне хабарласып, күдікке ілінген ғылыми қызметкерлерге қатысты, олардың аты-жөнін сұраған. Алайда баспасөз қызметі әзірге ешқандай ақпарат бере алмайтындарын айтты.
Батыс Қазақстан облыстық экономикалық тергеу департаменті де қандай да бір мәлімет бермеді.