457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Оператор РОП» бұрынғы құрылтайшысы экстрадицияланды

«Оператор РОП» бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтарова Біріккен Араб Әмірлігінен Қазақстанға экстрадицияланған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

– ҚР Бас прокуратурасы мен Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген «Оператор РОП» ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтарованы экстрадициялады,-делінген Антикор таратқан ақпаратта.

Шынар Мұқтарова «Оператор РОП» ЖШС бас директоры С. Коротенкомен бірге 920 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде.

Антикордың мәліметінше, 27 шілде де кешкі сағат 19:01-де Мұқтарова Астана қаласының әуежайы аумағында ұсталып, тергеу изоляторына қамалған.

– Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды,- делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратында.

Самое читаемое